Қазақстандық AVANGAR киберспорт командасы LEGEND атағын алды

Massaget.kz Корреспондент
Қазақстандық AVANGAR киберспорт командасы LEGEND атағын алды

Counter Strike: Global Offensive (CS:GO) дисциплинасы бойынша өнер көрсететін қазақстандық AVANGAR киберспорт командасы StarLadder Berlin Major турнирінде LEGEND атағын алып, әлемнің үздік 8 командасының қатарына енді. Команда енді 5 қыркүйекте өтетін финалдық кезеңге іріктеусіз қатысады. 

БӨЛІСУ

Команда The New Legends Stage кезеңінде (іріктеу кезеңі) бір рет жеңіліп, үш рет жеңіп, келесі финалдық кезеңге өтті.

AVANGAR намысын қазақстандық Дәурен Қыстаубаев, Айдын Тұрлыбеков және Алексей Голубев, өзбекстандық Санжар Кулиев және ресейлік Али Джами қорғайды.