Ел чемпионатында Алматы триатлоншыларына тең келер қарсылас табылмады

О Сансызбай Корреспондент
Ел чемпионатында Алматы триатлоншыларына тең келер қарсылас табылмады

Ақтөбе қаласында өткен триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионатында алматылық атлеттер алға озды. Almaty Triathlon Federation спортшылары ерлер арасындағы "Стандарт" жарысында барлық медальдарды қанжығасына байлап, әйелдер арасындағы "Суперспринт" қашықтығында 1 және 2-ші орындарды иеленді.

БӨЛІСУ

Күннің ыстығына қарамастан (ауа температурасы +32°С, ал су температурасы +23°С деңгейіне дейін көтерілген), жарыс қарқынды жылдамдықта өтті. Алғашқы болып Elite-ерлер санатындағы атлеттер шығып, "Стандарт" қашықтығы бойынша (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру) бақ сынасты. Әр қарай Elite санатында және U17 санатында атлеттер "Суперспринт" қашықтығында (300 м жүзу, 8 км веложарыс и 2 км жүгіру) жарысты.

Ерлер арасында бірінші болып 1 сағат 59 минут 50 секунд ішінде  Антон Витолин (Алматы) келді. Одан кейін бір минутқа кешігіп (!), жерлесі Ануар Турубаев – 1 сағат 59 минут 51 секунд уақытты көрсетсе, үшінші болып мәре сызығын тағы бір алматылық Владимир Толикин (2 сағат 10 минут 31 секунд) кесті.

Айта кетейік, алғашқы екі спортшы қашықтықты екі сағаттан аз уақытта бағындырды. Бұл - мұндай ауа-райындағы тамаша жетістік.

Әйелдер арасындағы "Суперспринт" санатын оңтүстік астанадан келген аруларға ешкім тең келмеді. Юлия Озерова (30 минут 19 секунд) жеңімпаз атанса, Айгерім Нұрғали (32 минут 18 секунд) екінші орын алып, үшінші орынға қостанайлық Яна Морозова (33 минут 52 секунд) жайғасты.

Айта кетейік, Almaty Triathlon Federation (ATF) ҚБ 2017 жылдың 11 қазанында Алматы қаласында кәсіби  триатланды дамытып, ел арасында танымалдығын арттыру мақсатында құрылған. Басшысы – Ғалымжан Есенов, бас бапкер – Максим Мазур.

ATF Кәрім Мәсімов басқаратын Қазақстан триатлон федерациясының қарамағында, бас хатшысы – Максим Крят. 

Өзінің жұмыс тарихында қоғамдық бірлестік көңіл қуантарлық жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Құрама атлеттері халықаралық және республикалық жарыстарда үздік нәтиже көрсетуде. 2018 жылы ATF құрамасының мүшелері Ғазиза Құмақбаева мен Дарья Бычкова Қазақстанның үздік триатлоншылары, ал 2019 жылы ATF спортшысы Александр Тен Азия чемпионы атанды.