AVANGAR UCC Summer Smash турнирін сәтсіз бастады

Айбар Рысдәулет Корреспондент
AVANGAR UCC Summer Smash турнирін сәтсіз бастады
Фото ©️ Коллаж © Massaget

Қазақстандық AVANGAR командасы UCC Summer Smash турнирінің плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді.

БӨЛІСУ

AVANGAR Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойыны бойынша өтетін халықаралық турнирдегі алғашқы кездесуін бүгін түнде өткізді. Қазақстандық ұжымға Польшаның намысын қорғайтын x-Kom командасына қарсылас атанған болатын. Бұл матчта x-Kom командасы 1:2 есебімен басым түсті. Жеңімпаз үш матчтың қорытындысы бойынша анықталады. Келесі кезеңге жолдама алған ұжым Tricked Esport командасымен күш сынасады. 

Бұдан бөлек AVANGAR Мәскеуде өтетін BLAST Pro Series Moscow 2019 жабық турниріне шақыртылды. Жарысқа қазақстандық ұжымнан бөлек Nemiga Gaming, Team Spirit, Winstrike Team, forZe және Vega Squadron командалары бақ сынайды. Жабық кезең 3-11 тамыз күндері өтеді. Ал негізгі кезең 13-14 қыркүйек күніне жоспарланған. AVANGAR өз тобында үздік болып, бір жолдамаға ие болса негізгі кезеңге қатысатын 8 команданың бірі болады. Жарыстың жүлде қоры - $250 мыңды құрайды.

Айта кетейік, AVANGAR HLTV әлемдік рейтингінде үздік 15 команданың қатарында кіреді. Қазақстандық команда 186 ұпаймен 14-орында тұр.

AVANGAR - 2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. CS:GO ойыны бойынша командада төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.