Элизабет Тұрсынбаева - Универсиаданың күміс жүлдегері

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Элизабет Тұрсынбаева - Универсиаданың күміс жүлдегері
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында жүлдегер атанды.

БӨЛІСУ

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада - 67, 57 ұпай, еркін бағдарламада 147,20 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша (214,77) күміс жүлдені жеңіп алды. Алтын жүлдеге жапон қызы Маи Махара ие болды. Ресейлік Станислава Константинова қолаға қол жеткізді. Ал тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанушы Айза Момбекова 17-орынға жайғасты. Оның еншісінде 124,41 ұпай бар.

Осылайша, Элизабет Тұрсынбаева Универсиада ойындарында ел қоржынына алтыншы жүлдені салды. Әзірге Қазақстан спортшыларының қанжығасында 3 күміс, 3 қола жүлде бар.