"Оқжетпес" пен "Тараз" премьер-лигаға оралды

О Сансызбай Корреспондент
"Оқжетпес" пен "Тараз" премьер-лигаға оралды
Фото ©️ kazfootball.kz

Футболдан Бірінші лига ойындарындағы ХХХІ тур қорытындысы бойынша "Оқжетпес" пен "Тараз" командалары премьер-лигаға оралды.

БӨЛІСУ

Өткен маусымда екі команда премьер-лигада соңғы орындарға тұрақтап, бірінші лигаға түсіп қалған еді. Биыл қайта оралды.

ХХХІ турда көкшетаулық команда Шымкентте "Қыранмен" кездесті. Аса тартысқа толы өткен кездесуде тең нәтижеге қол жеткізді. Ойын 3:3 есебімен аяқталды. Нәтижесінде алғаш болып жолдаманы жеңіп алды.

"Тараз" футбол клубы өз алаңында "Ақтөбе-Жас" командасын 4:0 есебімен ұтты. Премьер-лигаға жолдаманы иеленіп, көш басындағы "Оқжетпеспен" арадағы ұпай санын қысқартты.

Бірінші лиганың аяқталуына екі тур қалды. "Оқжетпесте" - 68, "Таразда" 66 ұпай бар. Чемпион атанған команда соңғы екі ойында анықталады. Сондай-ақ үшінші орын мен қосымша жолдама үшін "Қыран" мен "Алтай" талас жүргізеді.