Бренд-амбассадор: Жұлдыздар отандық футболды қолдайды

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Бренд-амбассадор: Жұлдыздар отандық футболды қолдайды
Фото ©️ КФФ

Он бір адамнан құралған отандық эстрада, кино және телевизия жұлдыздары Қазақстан футбол федерациясымен меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Массагет порталы ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

Олардың қатарында Мейрамбек Бесбаев, Ерке Есмахан, Нұрлан Қоянбаев, Әсел Сәдуақасова, Нұржан Керменбаев, Луина, Нұрлан Еспанов, Жәния Джуринская, Марат Оралғазин, Гүлназ Жоланова, Аян Бірбаев бар. Танымал тұлғалар Федерация брендін жарнамалайтын болды. 


Бренд-амбассадор – ұйым немесе компанияның өнімін жарнамалап, танымал ететін адам. Таңдалған жұлдыздардың әрқайсысының әлеуметтік желілерінде мыңдаған немесе миллиондаған оқырманы бар. Қазақстан футбол федерациясы аталған амбассадорлардың әлеуметтік желілері арқылы ұлттық құрама ойындары мен шараларын хабарлайды. 

Амбассадорлар өз міндеттерін атқаруға алдағы уақытта кіріседі. Олар УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар Лигасында Қазақстан мен Грузия арасындағы ойын туралы алдын ала хабарлайды. Кездесу 6 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында өтеді.