Мақсұт Жұмаев Эверест шыңын екінші рет бағындырды

О Сансызбай Корреспондент
Мақсұт Жұмаев Эверест шыңын екінші рет бағындырды
Фото ©️ Мақсұт Жұмаев

Қазақстандық танымал альпинист Мақсұт Жұмаев әлемдегі ең биік шың саналатын Эверест биігін екінші рет бағындырды. Отандасымыз бұл жетістігін Астана қаласының 20 жылдығына арнады.

БӨЛІСУ

Мақсұт Жұмаев биіктігі 8 848 мертді құрайтын Эверест шыңына алғаш рет 2007 жылы шыққан болатын. Ол кезде әлемнің биік нүктесіне солтүстік бағытымен шыққан еді. Бұл жолы альпинист оңтүстігінен көтерілді. Негізінен оңтүстік жолы қауіпті саналады. Онда әлемдегі әлемдегі ең қозғалмалы мұздық Кухумбу бар. Ол мұздықтар күніне 1 метрден жылжып отырады.

Қазақстандық альпинист Эверест шыңын оңтүстігінен де солтүстігінен шығып бағындырған жандар қатарына қосылды. Әлем тарихында мұндай жетістікке жеткен альпинистер 10-ға жуық қана.

Айта кетейік, Мақсұт Жұмаев әлемнің ең биік 14 шыңын да бағындырған альпинистердің бірі.