Данияр Елеусіновтің ағасы америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Данияр Елеусіновтің ағасы америкалық боксшыны нокаутпен жеңді
Фото ©️ instagram.com

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз америкалық боксшы Джаван Джонды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

БӨЛІСУ

Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста 2014 жылдан бері бақ сынап келеді. Осыған дейін 6 жекпе-жек өткізіп, 5-де жеңіске жеткен. 1 кездесуінде қарсыласымен тең түскен.

Әуесқой бокста 2001 жылы ел біріншілігінде алғаш рет шаршы алаңға көтерілген. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің еншісінде халықаралық және құрлықтық жарыстардан иеленген бірнеше атақтары бар. Сондай-ақ, 2005 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2009 жылы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған.

Айта кетейік, Дәуреннің інісі Данияр да кәсіпқой бокстағы мансабын бастады. Алғашқы кездесуінде америкалық боксшы Ноа Кидті үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.