Қазақстандық баскетболшылар жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық баскетболшылар жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысады
Фото ©️ Natación Total

Қазақстандық баскетболшылар (3х3) Аргентина елінің астанасы Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Бұл туралы ҚР ҰОК хабарлады.

БӨЛІСУ

Жарыс 6-18 қазан аралығында өтеді. Дүбірлі додада ел намысын алматылық "National" командасы қорғайды. Ал жалпы Олимпиада турниріне жиырма мемлекет қатысады. Бес-бес командадан төрт топқа бөлінеді. Қазақстаннан өзге Андорра, Аргентина, Бельгия, Бразилия, Венесуэла, Грузия, Иордания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Латвия, Монғолия, Жаңа Зеландия, Ресей, Словения, АҚШ, Түрікменстен, Украина және Эстония елдерінің командалары бар.