Рейхерд Жапониядағы әлем кубогы кезеңінде екінші қола жүлдесін еншіледі

О Сансызбай Корреспондент
Рейхерд Жапониядағы әлем кубогы кезеңінде екінші қола жүлдесін еншіледі
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Тадзавакодағы (Жапония) әлем кубогының соңғы кезеңінде екінші қола медалін жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Параллельді могулдың кіші финалында отандасымыз франциялық Бенжамин Чаведан басым түсті (29:6). Алтын медаль жапон Икума Хорисимиге бұйырды. Ол финалда канадалық Майкл Кингсберриден айласын асырып кетті.

Павел Колмаков болса бірінші айналымда жапониялық Шо Эндодан жеңіліп (16:19), жүлделі орыннан көріне алмады.

Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева ширек финалда тағы жапониялық Хирако Томитакоға есе жіберіп, жүлдесіз қалды.

Айта кетейік, кеше Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы могул сайысында қола жүлдегер атанған болатын.