"Барыс" Владивостокта "Адмиралдан" ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
"Барыс" Владивостокта "Адмиралдан" ұтылды
Фото ©️ vl.ru

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" Владивостокта "Адмиралдан" ұтылды. Нәтижесінде елордалық команда сегізінші ойын қатарынан ұтылып, ұпайсыз қалды.

БӨЛІСУ

Ойында мұз айдын иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде командалар есеп аша алған жоқ. Екінші кезең басында "Адмирал" командасы алға шықты. Ойындағы бірінші шайбаны Артем Земченок соқты.

44 минутта Максим Казаков мұз айдын иелерінің ойындағы екінші шайбасын соғып, "Барыс" жағдайын қиындатты. 51 минутта елордалық команда сапынан Антон Сагадеев есепті қысқартты. Алайда ойынның соңғы сәттерінде "Адмирал" ойыншылары сапынан Алексей Андреев ашық қақпаға шайбаны дәл бағыттады.

Елордалық команда плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен алыс тұр. Алда Олимпиадаға дейін 4 ойын, Олимпиададан кейін 2 ойын өткізеді. Ал клубтың президенті Асқар Шопобаев плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылғанын айтып, ұлттық құрама ойыншыларына мән беретінін сөз етті. 

- Бүгін біз "Адмиралдан" ұтылып, плей-оффқа шығу үмітімізді үздік. Алда енді ұлттық құрама ойыншыларының тәжірибе жинауына мән береміз, - деді. 

"Барыс" келесі ойынын 16 қаңтар күні Тольяттиде "Ладаға" қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

"Адмирал" — "Барыс" 3:1 (0:0, 1:0, 2:1)

Шайба соққандар:

1:0 — 22:18 Земчёнок. Тең құрамда
2:0 — 44:02 Казаков (Махановский, Фищенко). Тең құрамда
2:1 — 50:28 Сагадеев (Лихотников). Тең құрамда 
3:1 — 59:14 Алексеев. Тең құрамда, ашық қақпа 

"Адмирал": Бобков — Земчёнок, Волченков, Глазков, Ващенко, Мищенко, Мамашев — Казаков, Махановский, Вихарев, Алексеев, Ковалёв, Яковлев, Другов, Перескоков, Кицын, Бутузов, Иванов, Манукян, Фищенко;

"Барыс": Карлссон — Савченко, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов, Маклюков — Жайлауов, Доус, Лихотников, Райт, Вей, Бельгибаев, Никулин, Старченко, Фрэттин, Кучин, Пушкарёв, Сагадеев.

Айып уақыты: 16:2 (0:0, 4:0, 12:2)

Төрешілер: Сергей Кулаков, Денис Наумов

11 қаңтар. Владивосток. КСК "Фетисов Арена". 4273 көрермен.