"Астана" футбол клубы УЕФА клубтар рейтингінде рекорд жаңартты

О Сансызбай Корреспондент
"Астана" футбол клубы УЕФА клубтар рейтингінде рекорд жаңартты
Фото ©️ Астана ФК

"Астана" футбол клубы еурокубок ойындарындағы нәтижесінде рекорд жаңартты. Елордалық ұжым УЕФА-ның клубтар рейтингінде үш маусым ішінде 400-ге жуық орынға жоғарылаған.

БӨЛІСУ

Осы маусымда Еуропа лигасының 1/16 финалына алғаш рет шыққан "Астана" бүгінде рейтингте 67-орында тұр. Еурокубоктағы сәтті маусымын бастаған кезде 452-орында тұрған. Ал осыған дейін УЕФА-ның клубтар рейтингінде ешбір еуропалық команда мұндай көрсеткішпен алға ілгерілемеген.

Айта кетейік, "Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының да топтық кезеңінде ойнаған қазақстандық жалғыз команда. Сондай-ақ алғаш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Елордалық ұжым Еуропа лигасының 1/16 финалында Лиссабонның "Спортинг" клубымен кездеседі. Командалар арасындағы алғашқы ойын 15 ақпан күні Астанада өтеді.