"Ертісті" "Ливерпульде" қызмет жасаған маман жаттықтырады

О Сансызбай Корреспондент
"Ертісті" "Ливерпульде" қызмет жасаған маман жаттықтырады
Фото ©️ commons.wikimedia.org

Павлодардың "Ертіс" футбол клубын испандық маман Херард Нус жаттықтыратын болды. 32 жастағы жаттықтырушы күні кеше командамен екіжылдық келісімшартқа қол қойған.

БӨЛІСУ

Херард Нус жаттықтырушылық қызметін 2008 жылы бастаған. Отандасы Рафаэль Бенитеспен бірге ағылшынның "Ливерпуль" клубында жаттықтырушылар қосынында болған. "Чуннам Драгонс" (Оңтүстік Корея) және "Мельбурн Сити" (Аустралия) клубтарында да қызмет жасаған. Кейіннен Гана ұлттық құрамасында Авраам Грантқа көмекші қызметін атқарған. Сондай-ақ Испанияның "Райо Вальекано" және "Эльче" командаларында спорттық директор, АҚШ-та "Райо Окс" клубының тізгінін ұстаған.

Испандық маман жасында кәсіби деңгейде футболмен шұғылданбаған.

Айта кетейік, желтоқсан айының басында "Ертіс" командасы ресми сайтында жаттықтырушы іздейтінін хабарлаған еді. Ресейлік маман Валерий Карпинмен келіссөз жүргізіп көрген. Кейіннен бұл жаттықтырушы "Ростов" командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Одан өзге болгар маманы Георги Дерменджиев те бұл қызметке келуі мүмкін деп күтілген еді.