Али Ахмедов Алматыда әзірбайжандық боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Али Ахмедов Алматыда әзірбайжандық боксшымен жұдырықтасады
Фото ©️ Ali Akhmedov (OFFICIAL PAGE)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедовтің келесі қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз 30 желтоқсан күні Алматыда өтетін бокс кешінде әзірбайжандық боксшы Исмат Эйнуллаевпен жұдырықтасады.

БӨЛІСУ

- Бізідң Алидің қарсыласы – әзірбайжандық Исмат Эйнуллаев. 28 жаста. Осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, тек 2-де ғана жеңілген. Исмат бұрынырақта бірінші орта салмақта жұдырықтасқан. Жас талантты боксшы енді жартылай ауыр салмақта бақ сынамақ. Боксшы жайлы әлі толық зерттеу жүргізген жоқпыз. Жеңіске жету маңызды. Алдағы уақытта Али Ахмедов НВО-мен келісімге келіп, жоспар орындалса, қарымды да қауқарлы қарсыластармен жекпе-жектер ұйымдастырылатын болады, - дейді қазақстандық боксшының жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов.

Али Ахмедов кәсіпқой бокстағы мансабын 2016 жылдың мамыр айында бастады. Одан бергі аралықта 10 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жетті. Оның 6-н уақытынан бұрын аяқтады. 2017 жылы жартылай ауыр салмақта NABF Junior және WBC Youth чемпиондық атақтарын жеңіп алды.

Айта кетейік, 30 желтоқсан күні Алматыда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова мен бельгиялық Джемила Гонтарюк жұдырықтасады. Боксшылар екінші жартылай жеңіл салмақта IBO және WBC Silver чемпиондық атақтарына таласатын болады.