Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымы қашан басталатыны белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымы қашан басталатыны белгілі болды
Фото ©️ Astana Arlans ресми тобы (vk.com)

Бокстан Astana Arlans командасы бақ сынайтын Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) қашан басталатыны белгілі болды.

БӨЛІСУ

- WSB жобасының жаңа маусымы ақпан айының бірінші аптасында басталады, - деп жазады жобаның ресми сайты.

Шамамен жаңа маусым 3-4 ақпан күні басталуы бек мүмкін. Биылғы жарысқа 11 команда қатысады деп күтілуде.

WSB жобасының чемпионы Astana Arlans Азия аймағындағы топта Қытай, Үндістан және Ресей боксшыларымен кездеседі. "China Dragons" және "Patriot Boxing Team" бұл жобада бұған дейін бақ сынап жүрсе, үндістандық команданың әлі ресми аты да құрамы да белгісіз.

Үндістандық команда биыл жобаға қатысудан тас тартқан "Uzbek Tigers" командасының орнын басып отыр. Ал еуропалық командалар арасында жаңадан Хорватияның командасы қосылды. Америка құрылығынан Аргентина елінің командасы жарысқа тіркелмеген. 

Айта кетейік, "Astana Arlans" - WSB жобасындағы ең табысты команда. Біздің ұжым бұл серияны үш рет жеңсе, тағы төрт рет жүлделі орыннан көрінді. Екі рет кубалық боксшылар топ жарса, Франция мен Италия елінің командалары бір-бір реттен жеңіске жетті.