"Тур де Франсты" төрт рет ұтқан велошабандоз допинг дауына ілікті

О Сансызбай Корреспондент
"Тур де Франсты" төрт рет ұтқан велошабандоз допинг дауына ілікті
Фото ©️ Metro US

Танымал британдық велошабандоз Крис Фрум допинг дауына ілікті. Бұл туралы Халықаралық велоспортшылар одағының (UCI) ресми сайтына сілтеме жасап батыстық басылымдар хабарлады.

БӨЛІСУ

- 2017 жылдың 7 қыркүйегі күні "Вуэльта" көпкүндігі кезінде велоспортшыдан алған допинг сынамасы оң нәтиже бермеген. Оның қанынан сальбутамол артық табылған. Б сынамасы да спортшының нәтижесін растап отыр.

Сальбутамол миллилитрге шаққанда мың нанограмнан аз болса, допинг ретінде есептелмейді. Ал Крис Фрумның допинг сынамасынан бұл зат әлдеқайда артық шыққан.

Велоспортшының айтуы бойынша, сальбутамол қанына демікпеге қарсы ингалятордан түскен болуы мүмкін. Крис портшы демікпемен ауырғанда осы құралды пайдаланған екен. Мұны спортшының командасы Sky мамандары да растап отыр.

- Вуэльта көпкүндігінің соңғы аптасында спортшыны демікпе дерті қатты мазалады. Сондықтан дәрігер кеңесі бойынша велоспортшы сальбутамолды пайдаланды. Ол мұны қолданып жатқанын жарыс кезінде де жасырған жоқ, - дейді команда өкілдері.

Айта кетейік, Крис Фрум танымал "Тур де Франс" додасында төрт рет топ жарған (2013, 2015, 2016, 2017) велоспортшы. 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.