Қазақстан құрамасы Аргентинамен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы Аргентинамен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қараша айында әйгілі Аргентина құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры Игорь Утробин хабарлады – деп жазады Vesti.kz.

БӨЛІСУ

- Біз аргентиналықтар тарапымен келіссөздер жүргізудеміз. Әрине, бұл келіссөздер оңай емес. Бірақ 14 қарашаға дейін көп уақыт қалған жоқ. Қазіргі таңда қаржылық жағын шешіп алуымыз керек. 40 % қаржы көлемі Қазақстан футбол федерациясы тарапынан болса, 60 %-на демеушілермен келіссөздер жүргізудеміз.

Лионель Месси, Серхио Агуэро, Анхел Ди Мария, Хавьер Маскерано секілді атақты ойыншылардың келуі – қазақ футболы тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі болады деп ойлаймын. Егер қаржылай жағы оң шешімі табылса, аргентиналықтар бірінші құраммен келетін болады, - деді Утробин.

Айта кетейік, 11 қараша күні Аргентина құрамасы Мәскеуде Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.