Месут Озил "Манчестер Юнайтед" клубына ауыспақ

О Сансызбай Корреспондент
Месут Озил "Манчестер Юнайтед" клубына ауыспақ
Фото ©️ Dream Team

"Арсенал" футбол клубының жартылай қорғаушысы Месут Озил қысқы ауысым кезінде "Манчестер Юнайтед" клубы қатарын толықтыруы мүмкін. Бұл туралы футболшының өзі командаластарының біріне айтқан, - деп хабарлайды Mirror.

БӨЛІСУ

Лондондық клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт мерзімі 2018 жылдың жазында аяқталады. Озил одан ары ұзартуға құлықты емес.

"Арсенал" алдағы қыста ойыншыны өзге командаға сатпаса, Месут жазда еркін агент ретінде өзге клубқа ауыса алады.

Айта кетейік, ағылшындық команда жартылай қорғаушыны "Реалдан" 2013 жылы 47 миллион еуроға сатып алған болатын.