Қазақстан жастар құрамасы Болгариямен тең тарқасты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастар құрамасы Болгариямен тең тарқасты
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында болгариялық замандастарымен тең түсті. Астанада өткен ойында 1:1 есебі тіркелді.

БӨЛІСУ

Ойындағы екі гол да екінші таймда соғылды. Бірінші болып 76 минутта Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан жастар құрамасын алға шығарды. Алайда ойынның аяқталуына бірер минут қалғанда қонақтар есепті теңестіріп кетті. Бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жеткен Венцислав Керчев гол соқты.

Владимир Никитенко жаттықтыратын Қазақстан жастары келесі ойынын 2018 жылдың наурыз айында Франция жастарына қарсы өткізеді. Қазіргі таңда топта 5 ойыннан кейін 6 ұпаймен үшінші орында келеді.