Мэнни Пакьяо Головкин – Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

О Сансызбай Корреспондент
Мэнни Пакьяо Головкин – Альварес жекпе-жегіне болжам жасады
Фото ©️ ToFight.Ru

Филиппиндік танымал кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо 16 қыркүйек күні өтетін отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке өз болжамын айтты.

БӨЛІСУ

- Канело мықты әрі талантты боксшы. Бірақ мен Головкин жеңеді деп ойлаймын, - деген боксшы.

Осыған дейін мексикалық танымал тағы бір боксшы Хулио Сезар Чавес (кішісі) те бұл жекпе-жекке қатысты өз ойын айтқан еді. Ол да қазақстандық боксшының қарымы жоғары екенін тілге тиек еткен-ді.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) "T-Mobile Arena" кешенінде өтеді.

Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.