Василий Левит әлем чемпионатының қола жүлдесін қанағат тұтты

О Сансызбай Корреспондент
Василий Левит әлем чемпионатының қола жүлдесін қанағат тұтты
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит қола жүлдегер атанды. Отандасымыз жартылай финалда кубалық боксшы Эрисланди Савонға жол берді. 

БӨЛІСУ

Үш раунд қорытындысы бойынша Бостандық аралының боксшысы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Финалда Эрисланди Савон ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездеседі.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Ералиев пен Әбілхан Аманқұл финалға шықса, 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан қола жүлдегер атанған-ды.