ӘЧ-2017. Қайрат Ералиев финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
ӘЧ-2017. Қайрат Ералиев финалға шықты
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Бокстан Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев жартылай финалға шықты. Отандасымыз жартылай финалда британдық Питер МакГрейлді жеңді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жекті екі боксшы ширақ бастады. Жылдам шабуылға шығып, соққыларын дөп тигізуге асықты. Қайрат қарсыласының жұдырығынан жылдам сытылып шығып, өз соққыларын тура тигізген сәттері көп болды. Британдық боксшы алға ұмтыла түсіп, белсенділік танытуға тырысқанмен қазақ боксшысының қарымы жоғары екені айқын байқалды. 

Қайрат Ералиев финалда америкалық боксшы Дюк Раганмен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, осыған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан кубалық боксшы Йоаннас Аргилагосқа жол беріп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.