Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды
Фото ©️ goal.com

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Негізгі кезеңге шыққан 32 команда 8 топқа бөлінді.

БӨЛІСУ

Монакода өткен жеребе тастау рәсіміне құрметті қонақ ретінде танымал футболшылар италиялық Франческо Тотти мен украиналық Андрей Шевченко қатысты. Сондай-ақ өткен маусымдағы Чемпиондар лигасының үздік ойыншылары марапатталды.

Жеребе қорытындысы:

«А» тобы: "Бенфика" (Португалия), "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Базель" (Швейцария), ЦСКА Москва (Ресей);

«B» тобы: "Бавария" (Германия), ПСЖ (Франция), "Андерлехт" (Бельгия), "Селтик" (Шотландия). 

«С» тобы: "Челси" (Англия), "Атлетико" Мадрид (Испания), "Рома" (Италия), "Карабах" (Әзірбайжан);

«D» тобы: "Ювентус" (Италия), "Барселона" (Испания), "Олимпиакос" Пирей (Грекия), "Спортинг" Лиссабон (Португалия);

«E» тобы: "Спартак" Мәскеу (Ресей), "Севилья" (Испания), "Ливерпуль" (Англия), "Марибор" (Словения);

«F» тобы: "Шахтер" Донецк (Украина), "Манчестер Сити" (Англия), "Наполи" (Италия), "Фейеноорд" (Нидерланд); 

«G» тобы: "Монако" (Франция), "Порту" (Португалия), "Бешикташ" (Түркия), "РБ-Лейпциг" (Германия);

«H» тобы: "Реал" Мадрид (Испания), "Боруссия" Дортмунд (Германия), "Тоттенхэм" (Англия), АПОЭЛ (Кипр).