Талғат Жайлауов "Барысқа" қайта оралды

О Сансызбай Корреспондент
Талғат Жайлауов "Барысқа" қайта оралды
Фото ©️ Р-Спорт, Барыс ХК

Қазақстандық хоккейші Талғат Жайлауов "Барыс" командасымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы елордалық команданың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Шабуылшы мен команда арасындағы алғашқы келісімшарт сынақ кезеңі бойынша түзілген. Ойыншы бүгін командамен бірге Омскіге аттанады. Онда Виктор Блинов мемориалы халықаралық турниріне қатысады.

Талғат Жайлауов осыған дейін Өскеменнің "Торпедо" командасы сапында ойнап келді. Кеше бұл команда шабуылшының "Барысқа" ауысқаны жайлы хабарлаған еді.

Хоккейші "Барыс" сапында 2007-2016 жылдар аралығында ойнады. Құрлықтық хоккей лигасында 372 ойынға қатысып, 166 ұпайға (66+100) ие болған. Осыған дейінгі сұхбаттарының бірінде ҚХЛ-де қайта бақ сынағысы келетінін айтқан болатын. 

Айта кетейік, құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы 24 тамыз күні басталады. Бірінші ойында елордалық ұжым өз мұз айдынында Мәскеудің "Спартак" командасымен кездеседі.