Қазақстандықтар "Селтик" – "Астана" ойынын тікелей эфирде көре алады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандықтар "Селтик" – "Астана" ойынын тікелей эфирде көре алады
Фото ©️ KazFootball

Футболдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан "Астана" футбол клубының "Селтикке" қарсы ойынын қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады. Ойынды KazSport арнасы көрермендер назарына ұсынатын болады.

БӨЛІСУ

Глазгодағы кездесу сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні өтеді. Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. Ал қарымта ойын араға бір апта сала Астанада өтеді.

"Астана" командасы бүгін Глазгоға жетіп үлгерді. Сәрсенбінің кешіне дейін оқу-жаттығуларын пысықтайтын болады.

Команда құрамы:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин.

Қорғаушылар: Игорь Шитов, Марин Аничич, Юрий Логвиненко Дмитрий Шомко, Берік Шаихов, Евгений Постников, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков.

Жартылай қорғаушылар: Срджан Граховац, Серикжан Мужиков, Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Марин Томасов, Асхат Тағыберген.

Шабуылшылар: Джордже Деспотович, Джуниор Кабананга, Патрик Твумаси, Роман Муртазаев.