Роналду 7 жылға сотталуы мүмкін

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
Роналду 7 жылға сотталуы мүмкін
Фото ©️ argentina23.com

Португалия құрамасының және мадридтік "Реал" клубының футболшысы Криштиану Роналду дүйсенбіде, 31 тамызда, салық төлемегені үшін сот алдында жауап берді. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады. 

БӨЛІСУ

AS.com мәліметінше, егер Роналдудың кінәсі толығымен дәлелденсе, ол жеті жылға сотталуы мүмкін. Мерзімді екі есеге қысқартқанның өзінде, жазаны шартты мерзімге ауыстыруға келмейді.

Сот отырысы португалиялық шабуылшы үшін ең тиімді аяқталды дегеннің өзінде негізге белгіленген мерзімнің төрттен үш бөлігі қысқаруы мүмкін. Осылайша Роналду шартты түрде 21 айға сотталады. 11 тамызға дейін футболшының істі жеңілдетуге мүмкіндігі бар.

Еске салайық, Испания прокуратурасы Роналдуға қатысты 2011-2014 жылдары аралығында 14,7 миллион еуро салық төлемеді деп іс қозғаған. Португалиялық өзінің кінәсіздігін алға тартты. Ойыншы судьяның сұрақтарына 90 минут бойы жауап берді, алайда БАҚ өкілдерімен кездесуден бас тартты.