Қазақ кәсіпқой боксшылары "Арландарға" сәттілік пен жеңіс тіледі

О Сансызбай Корреспондент
Қазақ кәсіпқой боксшылары "Арландарға" сәттілік пен жеңіс тіледі
Фото ©️ astanaarlans.kz

Қазақ кәсіпқой боксшылары Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев пен Асхат Уалиханов Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалына шыққан "Astana Arlans" жігіттеріне сәттілік пен жеңіс тіледі.

БӨЛІСУ

- Ассалаумағалейкум, барша қазақстандықтар! Қазақстан ұлттық құрама командасының "Astana Arlans" клубының жігіттеріне 15 шілде күні өтетін "Cuba Domadores" командасына қарсы финалдық кездесуде жеңіс және сәттілік тілейміз. Алға, Қазақстан! Алға, "Astana Arlans"! – деді боксшылар.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев пен Асхат Уалиханов осы "Astana Arlans" клубы сапында бірнеше маусым тер төгіп, WSB жобасы аясында жеңімпаз атанған боксшылар. Қазіргі таңда үшеуі де кәсіпқой бокста жарқын жеңістерімен қазақ жанкүйерлерін қуантып жүр.