Қазақстан Азия чемпионатында жүлделер саны бойынша үшінші орында

Жолдас Өрісбай Корреспондент
Қазақстан Азия чемпионатында жүлделер саны бойынша үшінші орында
Фото ©️ Odisha2017.games

Жеңіл атлетикадан өткен Азия чемпионатында Қазақстан жүлделер есебі бойынша үшінші орын иеленді, - деп хабарлайды еліміздің Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен төрт күндік жарыста Қазақстан құрамасы төрт алтын, екі күміс және екі қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарыстың соңғы күні 200 метрге жүгіруден Виктория Зябкина алтын алғанымен қоса, Азия маусымындағы үздік уақытты (23.10 секунд) көрсетті. Осылайша, 2017 ол Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Мұның алдында ол 100 метрге жүгіруде бірінші болды және эстафета құрамында да жеңімпаз атанған еді.

Ұзындыққа секіруден Мария Овчинникова ел қоржынына төртінші алтынды салды. Алғашқы жарысында 13 метр 72 сантиметрге секіріп, құрлықтың үзідігі болуымен қатар, Лондондағы әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. Осы жарыс түрінен Ирина Эктова күміске қол жеткізді.

Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден екінші, ал 200 метрге жүгіруден үшінші болып келді. Қазақстан қоржынын ядро лақтырудан Иван Иванов тағы бір қоламен толықтырды. Осылайша, Қазақстан Үндістан мен Қытайдан кейін үшінші орынға табан тіреді. Бұл жарысқа жалпы 43 елдің спортшылары қатысқанын айта кету керек.