Мэнни Пакьяо аустралиялық боксшыдан жеңіліп қалды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Мэнни Пакьяо аустралиялық боксшыдан жеңіліп қалды (видео)
Фото ©️ vesti.kz

Әйгілі филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Аустралияның Брисбен қаласында спорттық мансабындағы 68-ші жекпе-жегін өткізді. Аустралиялық боксшы Джеф Хорннан жеңілді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек 12 раундқа жалғасты. Кездесуге Пакьяоның иелігіндегі WBO тұжырымы бойынша екінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы тігілді. Бірінші раундта Хорн басым болған, себебі сериялы соққылар жасап, Пакьяоны қорғануға мәжбүрледі.

Келесі раундтарда филиппин аустралиялық боксшының мәнеріне үйреніп, нақты соққыларымен жауап қайтара бастады. Екі боксшы да қатар соққы жасаған, десек те, Хорнның қимылы ширақ көрінді, Пакьяо да қарсыласына соққы дарыта білді. Екі боксшы да қабағынан жарақат алды. Алтыншы раундта Хорн оң қолымен соққы жасап, Мэнниді есеңгіретті, алайда Пакьяо құламады.

Жекпе-жек ортасында филиппин айқын басымдығын көрсете алмады, себебі ринг қожайыны сәтті қарсы шабуылдар жасап, кейінірек тіпті тек шабуылға көшті. Оған денесінің ірілігі де көмек болды. Жетінші раундта қос боксшының бастары түйісіп, Пакьяо тағы да қабағын жарып алды, сөйтіп, ол қарсыласына бұл раундты беруге мәжбүр болды. 

Тоғызыншы раундта филиппин алға жүріп, сол қолымен бірнеше рет Хорнға соққы жасай білді. Мэнни тіпті кездесуді нокаутпен аяқтауға аз қалған, бірақ Джефф құламады. Қорытынды раундтарда боксшылар кезек-кезек басымдық алып отырды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті аустралиялыққа берді. Есеп:115-113, 115-113,117-111.

Қос боксшы арасында қарымта жекпе-жек өтуі бек мүмкін. Бұл туралы филипппиндік боксшы ESPN арнасына берген сұхбатында айта кетті.

- Бұл төрешілердің шешімі. Түсінемін және құрметтеймін. Қарымта жекпе-жекке дайынмын, күмән болмасын. Біздің келісімшартта ол туралы келісім бар, бұған қатысты ешқандайда мәселе туындамайды – деді боксшы.

Мэнни Пакьяо чемпиондық атағын қорғап қала алмай, мансабында жетінші рет жеңіліске ұшырады. Өз кезегінде Джефф Хорн 16-шы жеңісін тойлады.