Германия құрамасы Конфедерация кубогының финалына шықты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Германия құрамасы Конфедерация кубогының финалына шықты (видео)
Фото ©️ allsport.ru

Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогының финалына шыққан екінші құрама белгілі болды. Түнде өткен жартылай финалда Германия құрамасы Мексиканы 4:1 есебімен ұтты.

БӨЛІСУ

Йоахим Лев жаттықтыратын Германия құрамасы сапында Леон Горетцка жылдам екі гол соғып, дубль орындады. Тимо Вернер мен Амин Юнес бір-бір голдан соқты. Ал Мексика құрамасы сапынан Фабианның алыстан шиіре тепкен добын Марк Андре Тер Штеген қайтара алмады.

Конфедерация кубогының финалында Германия құрамасы Чилимен кездеседі. Ал үшінші орын үшін Мексика мен Португалия құрамалары ойнайды.