Чили құрамасы Конфедерация кубогының финалына шықты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Чили құрамасы Конфедерация кубогының финалына шықты (видео)
Фото ©️ vk.com

Футболдан Чили құрамасы Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогының финалына шықты. Олар жартылай финалда Португалияны ойын соңындағы пенальти сериясында сүріндірді.

БӨЛІСУ

Бірінші таймда қос құрама ойыншыларының жылдам есеп ашуға зор мүмкіндіктері болған. Чилиліктер сапынан Эдуардо Варгас, португалдықтар қатарынан Андре Силва қақпашымен бетпе-бет шығып, гол соға алмады. Командалар негізгі уақытта гол соға алмады.

Негізгі уақытта гол соға алмаған қос құрама қосымша 30 минутта да нәтижені өзгерте алған жоқ. Дегенмен Португалия құрамасын ойын соңында (бар-жоғы бірнеше секундтың ішінде) қақпа бағаны мен маңдайшасы құтқарып қалды. Нәтижесінде финалға шыққан команда ойын соңындағы пенальти сериясында анықталды.

Ойын соңындағы пенальти сериясында Чили құрамасының қақпашысы Клаудио Браво шеберлігімен көзге түсті. Ол Португалия құрамасы сапынан Куарежма, Жоао Моутинью мен Нани тепкен доптың барлығын қайтарды. Ал Португалия құрамасының қақпашысы Руй Патрисиу Артуро Видаль, Арангуис пен Алексис Санчес тепкен доптарды қайтара алған жоқ. 

"Португалия" - "Чили" – 0:0 (0:3 пен.)
Ескертулер: Хара (23), Вильям Карвалью (31), Андре Силва (43), Эрнандес (51), Фонте (96), Алвеш (111), Соареш (114).
Португалия: Руй Патрисиу, Соареш, Алвеш, Фонте, Элизеу, Бернарду Силва (Куарежма, 83), Адриен Силва (Моутинью, 102), Вильям Карвалью, Андре Гомеш (Желсон Мартинш, 116), Роналду, Андре Силва (Нани, 76).
Чили: Браво, Медель, Босежур, Хара, Видаль, Эрнандес (Сильва, 112), Варгас (Родригес, 86), Диас, Санчес, Арангис, Исла (Фуэнсалида, 120).