Токиода ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Токиода ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді
Фото ©️ iwf.net

Жапония елінің астанасы Токиода 15-23 маусым аралығында ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Жарыста барлығы 15 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

БӨЛІСУ

Токио төрінде ел намысын 2 спортшы қорғайтын болады. Олар: Михаил Макеев пен Әйгерім Ауылбек. Михаил (77 келі) 19 маусым күні, Әйгерім (53 келі) 17 маусымда жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жалауы Тайландтың бас шаһары – Бангкокта желбіреген болатын. Сол жарыстан Қазақстанның ауыр атлеттері 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальды қоржынға салып, командалық есепте үздік үштіктің қатарынан көрінген-ді.