Қанат Ислам 26 мамырда шаршы алаңға шығады

О Сансызбай Корреспондент
Қанат Ислам 26 мамырда шаршы алаңға шығады
Фото ©️ facebook.com

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 26 мамыр күні өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы – мексикалық боксшы Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez).

БӨЛІСУ

Норберто Гонсалес рейтингте Қанаттан жоғары тұр. Бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз салмағы бойынша мексикалық боксшылардың үздік төрттігінде.

QAZAQ пен Гонсалес WBO NABA және WBA intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек 26 мамырда АҚШ-тың Флорида штатында өтеді.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін ақпан айында бразилиялық боксшы Робсон Ассиске қарсы өткізіп, бірінші раундта-ақ ұтқан болатын.