Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық боксшыны нокаутпен ұтты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық боксшыны нокаутпен ұтты (видео)
Фото ©️ Meirim Nursultanov (OFFICIAL PAGE)

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізді. АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвилл қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз мексикалық боксшы Хавьер Ольвераны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

БӨЛІСУ

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Екінші раундтың 1:15 минутынан кейін төрешілер жекпе-жекті тоқтатты. Мейірім айқын жеңіске жетіп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады.

Айта кетейік, бұл кездесу – Мейірімнің кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі. Екі кездесуде де жеңіске жетті. Ал мексикалық боксшы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.