Кішкентай бүлдіршін Қанат Исламның бүгінгі қарсыласы атанды (видео)

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Кішкентай бүлдіршін Қанат Исламның бүгінгі қарсыласы атанды (видео)
Фото ©️ massaget.kz

Кәсіпқой бокстан еліміздің көк туын желбіретін жүрген Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов Алматы қаласында ашық жаттығуларын өткізді деп хабарлайды Massaget.kz порталының тілшісі.

БӨЛІСУ

Алматы қаласында "WBA fedelatin", "WBO intercontinental" чемпионы Қанат Ислам мен "WBA", "IBO" тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновтың ашық жаттығуы өтті. Кәсіпқой боксшылар күнделікті дайындықтарын жасап жұрт алдында өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар қазақтың болашағынан үлкен үміт күттірер бүлдіршіндерге дұрыс бағыт-бағдар беріп, соққылардың дөп тию тәсілін де үйретті. Жаттығу біткеннен кейін Қанаттың қолындағы бокс қолғабын жастығына қарамастан жігерлілігін көрсеткен бүлдіршін иеленді. Қос боксшының өнерін тамашалауға келген жұртшылық өз таңданыстарын жасырмай, соңынан естелік суретке түсті. Сонымен назарларыңызға бүгінгі дайындықтың қалай өткенін ұсынамыз.