Елена Коломина Азия ойындарындағы екінші медалін жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Елена Коломина Азия ойындарындағы екінші медалін жеңіп алды
Фото ©️ Ізтұрған Алдауев

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында қазақстандық шаңғышы Елена Коломина екінші медалін жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Қазақстандық шаңғышы 10 шақырымға еркін жүгіру сайысында қола медальға қол жеткізді. Бұл жарыста алтын жүлдені 30:24.6 минут көрсеткішке ие болған жапониялық Юки Кобаяши алса, одан 49.8 секунд қалып қойған оңтүстіккореялық Чэ Вон Ли күміс жүлдені иеленді. 

Айта кетейік, бұл – Елена Коломинаның Жапония жеріндегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол классикалық әдіспен 1,4 шақырымдық спринт жарысында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.