Қанат Исламның салмағы қарсыласынан жеңіл болып шықты

О Сансызбай Корреспондент
Қанат Исламның салмағы қарсыласынан жеңіл болып шықты
Фото ©️ vesti.kz

Ертең таңда қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам АҚШ жерінде кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы - бразилиялық боксшы Робсон Ассис. Бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. 

БӨЛІСУ

Ресми дерек бойынша, Қанат Исламның салмағы 154,2 фунт (69,94 келі) болса, ал оның қарсыласының салмағы 154,6 фунт (70,12 келі) болды.

Айта кетейік, бірінші орта салмақтағы боксшының салмағы 154 фунттан (69,85 келіге дейін) аспау керек. Бірақ егер жекпе-жекте ешқандай белбеу сарапқа салынбайтын болса, онда екі тарап келісіп, боксшы шектеу қойылған салмақтан асуына болады. 


32 жастағы отандасымыз Қанат Ислам кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысып, сол уақыттан бері жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Ол өзі өткізген 22 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 14 рет қарсыласын нокаутқа түсірді. Алдағы кездесу Қанат Исламның АҚШ жерінде өткізейін деп жатқан төртінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Қазақстан, Колумбия және Доминикан Республикасында жұдырықтасқан. 

Ал 38 жастағы Робсон Ассис болса 2006 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, қазіргі уақытқа дейін кәсіпқой бокста 19 кездесуге қатысқан. Оның 16 кездесуінде жеңіске жеткен.