Қазақстан ФИФА рейтингінде екі саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан ФИФА рейтингінде екі саты жоғарылады
Фото ©️ kaztrk.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде екі саты жоғарылады.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы қаңтар айында бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Соған қарамастан жаңартылған тізімде отандастарымыз 98-орыннан 96-орынға көтерілді. 

Рейтингтің бірінші ондығында бір ғана өзгеріс бар. Франция құрамасы алтыншы орында тұрған Колумбия құрамасын бір саты төмен сырғытып, алтыншы орынға жайғасқан. Көш басында - Аргентина құрамасы. Екінші орында Бразилия тұрса, үздік үштікті Германия құрамасын түйіндеп тұр. 

ФИФА рейтингі: 

1 (1). Аргентина - 1 635 ұпай,
2 (2). Бразилия - 1 529,
3 (3). Германия - 1 433,
4 (4). Чили - 1 386,
5 (5). Бельгия - 1371,
6 (7). Франция - 1 313,
7 (6). Колумбия - 1304,
8 (8). Португалия - 1240,
9 (9). Уругвай - 1 195,
10 (10). Испания - 1 168,

96 (98). Қазақстан — 352

Айта кетейік, 22 наурызда Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Никосиядағы GSP стадионында өтеді. Ал араға төрт күн салып, 2018 жылғы әлем чемпионатынатына іріктеу кезеңі аясында Армения құрамасына қарсы кездесуін (Ереванда) өткізеді.