Бүгін өтетін Универсиада ойындарының кестесі

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін өтетін Универсиада ойындарының кестесі
Фото ©️ almaty.gov.kz

ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының үшінші күні де келіп жатты. Бүгін барлығы 7 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Назарларыңызға ойындар кестесін ұсынамыз.

БӨЛІСУ

Универсиада ойындарында ең көп билет сатылған спорт түрінің бірі – мәнерлеп сырғанау. Бүгін осы спорт түрінен қыздар арасындағы қысқа бағдарламалар бойынша сайыстар өтеді. Сондай-ақ конькимен жүгіру спорты бойынша ұлттық құрама көшбасшысы Роман Креч жарыс жолына шығады.

Спорт түрі: Керлинг. Топтық кезең (Ерлер, әйелдер);
Құрамалар: Қазақстан - Норвегия (әйелдер), Қазақстан - Жапония (ерлер), Қазақстан - Ресей (әйелдер);
Басталуы: Алғашқы кездесу 09.00-де, екіншісі 14.00 және үшіншісі 19.00-де.
Өтетін орны: «Алматы Арена»

Спорт түрі: Тау шаңғысы. Комбинация (Супергигант, слалом). Ерлер, әйелдер;
Қатысушылар (Қазақстаннан): Мария Григорова, Екатерина Карпова, Мартин Хубер, Сергей Данов, Александр Костров, Алексей Сысоев, Захар Кучин
Басталуы: 10.00-де ("Хабар")
Өтетін орны: «Шымбұлақ»

Спорт түрі: Коньки жарысы. Әйелдер (3000 метр), ерлер (500 метр);
Қатысушылар: Дарсиль Эссамамбо, Артем Крикунов, Станислав Палкин, Роман Креч, Эльвира Халықова, Мария Сизова, Татьяна Климчук 
Басталуы: 11.00-де әйелдер, ерлер 14.05-те (KazSport)
Өтетін орны: «Медеу»

Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Ерлер;
Қатысушылар: Шыңғыс Ракпаров, Әли Айбек, Расул Гайрбеков, Вячеслав Бочкарев, Элдар Орусаев;
Басталуы: Трамплиннен секіру сағат 10 - 11.00 -де, шаңғымен жарыс 15.30-да.

Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Қысқа бағдарлама. Әйелдер;
Қатысушылар: Айза Мамбекова, Жансая Адыханова, Вероника Шевелева;
Басталуы: 14.30-да ("Қазақстан")
Өтетін орны: «Алматы Арена»

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең. («Хабар»)
Басталуы: 12.30 (Ресей - Латвия), 16.00 (Канада-Ұлыбритания), 19.30 (Чехия-Қытай).
Өтетін орны: «Халық Арена». 

Спорт түрі: Шаңғымен трамплиннен секіру. Ерлер, әйелдер. 
Басталуы: 16.00 (әйелдер), 18.30 (ерлер
Өтетін орны: «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені.   

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Әйелдер. Топтық кезең.
Басталуы: 16.30 (Ұлыбритания - Қытай), 20.00 (Қазақстан-Канада).
Өтетін орны: Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы. 

Спорт түрі: Сноуборд. Ерлер, әйелдер. 
Басталуы: 12.30 (әйелдер), 13.00 (ерлер).
Өтетін орны: «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы.

Айта кетейік, алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын 2 күміс 4 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте екінші орында келеді.