Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың күміс медалін алуы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың күміс медалін алуы мүмкін

Ресейлік жеңілатлет Татьяна Лебедева 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында жеңіп алған күміс медалін кері қайтарады. Спортшының қанын қайта тексеруде допинг табылған. Нәтижесінде бұл жүлде отандасымыз Ольга Рыпаковаға бұйырмақ. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "vesti.kz" сайтының қазақ бөлімі хабарлады.

БӨЛІСУ

Бейжіңде үш қарғып қашықтыққа секіруден Ольга Рыпакова төртінші орын алған болатын. Алайда қола медальды жеңіп алған грекиялық Хрисопия Деветцидің допингпен ұсталуына байланысты қола медальға ие болған еді. Бүгін белгілі болғандай, отандасымыз қоланы күміске алмастыруы бек мүмкін. Ал 2008 жылғы Олимпиадада алтын медальді Камерун атлеті Франсуаза Мбанго Этон жеңіп алған болатын.

Ресейлік спортшы допинг дауына байланысты Лозаннадағы Спор істері сотына (CAS) шағым түсірмек. Өз абыройы мен жүлдесі үшін соңына дейін күресуге дайын екенін мәлімдеп үлгерді.

Ольга Рыпакова үш Олимпиада жүлде қазақстандық тұңғыш спортшы. 2012 жылы Лондонда чемпион атанса, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алған еді.