Универсиадаға көрермен өзімен бірге бір баланы тегін кіргізе алады

Гүлжанар Берік Корреспондент
Универсиадаға көрермен өзімен бірге бір баланы тегін кіргізе алады
Фото ©️ good.kz

Алматыда өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары кезінде жарысқа көрермендер өзімен бірге 5 жасқа дейінгі бір баланы тегін кіргізе алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БӨЛІСУ

Алайда, балаға бөлек орын берілмейді. Бір ересек адаммен 5 жасқа дейінгі бір бала ғана тегін кіре алады.

Естеріңізге сала кетейік, қысқы Универсиада 29 қаңтармен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Онда спортшылар мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, сноуборд, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, кёрлинг, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл және конькимен жүгіру спортынан өнер көрсетеді.

Дереккөз: egemen.kz