Данияр Елеусінов Азияның ең үздік боксшысы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Данияр Елеусінов Азияның ең үздік боксшысы атанды
Фото ©️ google.kz

Азия бокс конфедерациясы (ASBC) 2016 жылдың қорытындысын шығарып, жыл үздіктерін анықтады. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов ең үздік боксшы атанса, Қазақстан бокс федерациясы да «ең үздік ұлттық федерация» марапатына ие болды.

БӨЛІСУ

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасы бойынша да Азияның үздік боксшысы белгілі болды. Бұл марапат та қазақ боксшысына бұйырды. Асланбек Шымбергенов үздіктер көшін бастады. Өзге марапат иелері төмендегідей:

2016 жылдың үздік Азия боксшысы - Данияр Елеусінов (Қазақстан);

Азияның ең үздік боксшы қызы – Инь Жинхуа (Қытай);

2016 жылдың үздік Азия боксшысы (жастар) - Хаято Цуцуми (Жапония);

Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (жастар) - Пан Сумей (Қытай);

2016 жылдың үздік Азия боксшысы (юниор) - Кристиан Питт Лорент (Филиппин);

Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (юниор) - Ю Лисай (Қытай);

2016 жылдың Азияның үздік APB боксшысы - Жасурбек Латипов (Өзбекстан);

2016 жылдың Азияның үздік WSB боксшысы - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан);

Жыл жаңалығы - Шахрам Гиясов (Өзбекстан);

2016 жылдың үздік Азия бапкері - Патрицио Гаспи (Филиппин);

2016 жылдың үздік Азия супервайзері - Карина Пиксон (Филиппин);

Азияның үздік техникалық делегаты - Билли Вонг (Макао);

Азияның үздік төрешісі - Джинжинг Жанг (Қытай);

2016 жылдың Азия үздік ұлттық федерациясы - Қазақстан бокс федерациясы.

Айта кетейік, осыған дейін Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) жылдың үздік боксшысы ретінде өзбек Хасанбой Дусматовты таныған еді.