«Барыс» Астанада «Амурдан» басым түсті

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» Астанада «Амурдан» басым түсті
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыс» Астанада Хабаровскінің «Амур» клубынан басым түсті. Елордалық ұжым қарсыластарын овертаймда ұтты.

БӨЛІСУ

Негізгі уақытта командалар 1:1 есебімен тең тарқасты. 8 минутта «Барыс» ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланып, Найджел Доус командасын алға шығарды. Алайда ойынның аяқталуына 8 минут қалған «Амур» хоккейшілері есепті теңестіріп кетті. Теему Рамстедт мергендігімен көзге түсті.

Негізгі уақыттың соңына дейін осы есеп сақталып, жеңімпаз овертайм арқылы анықталды. Бұл сында Эдуард Занковец шәкірттерінің бірі Владимир Меркелов жеңіс шайбасын соқты.

Осылайша, 33 ойыннан кейін 47 ұпайы бар «Барыс» «Шығыс» конференциясында 8-орынға қайта көтерілді. Келесі кездесуін 30 қараша күні Мәскеуде жергілікті «Динамо» командасымен өткізеді.