Алексей Ни қызметінен кетті

О Сансызбай Корреспондент
Алексей Ни қызметінен кетті
Фото ©️ vesti.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни қызметінен кетті. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Алексей Ни ұлттық құраманы 1994 жылдан бері жаттықтырып келген еді. Команданы алты Олимпиада, он бестен асық әлем чемпионаттарына, бірнеше Азия ойындары мен Азия чемпионатына бастап барды. Танымал қазақстандық спортшыларды тәрбиелеп шығарды. Алайда бүгінде олардың көпшілігі допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетіліп үлгерді.

- Мұның барлығы не себепті болып жатқанын, кімнің жасап отырғанын мен білмеймін. Мен саясаткер емеспін, балшы да емеспін. Мен бапкермін, ештеңеге қарамастан, спортшыларды дайындаймын. Біз өз шындығымызды дәлелдеуге тырысамыз", - деген еді Алексей Ни шәкірттері түскен допинг дауы жайлы.

Жаттықтырушы қызметтен кету туралы өзі өтініші берген. Не себепті қызметтен кеткені жарияланған жоқ.