Ресейлік теннисші Қазақстан атынан жарыстарға қатыспақ

О Сансызбай Корреспондент
Ресейлік теннисші Қазақстан атынан жарыстарға қатыспақ
Фото ©️ Eurosport

Ресейлік теннисші Александр Бублик 2017 жылдан бастап жарыстарға Қазақстан атынан қатыспақ. Бұл туралы спортшының өзі «twitter» желісіндегі жеке парақшасында жазды.

БӨЛІСУ

- Келер жылдан бастап жарыстарға Қазақстан атынан қатысатынымды қуана жеткіземін,-деген хабарламада.

Ресей теннис қауымдастығының президенті Шамиль Тарпищев спортшының құрамада қалғанын қалайды. «Ол кететін болса өкінішті. Дегенмен біз оның шешімін өзгертуге күш салатын боламыз» - деді.

Александр Бублик Санкт-Петербург қаласының тумасы. 19 жастағы спортшы қазіргі таңда АТР рейтингінде 214-орында келеді. Биыл өткен Кремль кубогында ширек финалға дейін шыққан.

Айта кетейік, Александр Бублик Ресейден Қазақстанға ауысқалы жатқан алғашқы теннисші емес. Осыған дейін еліміздің азаматтығын алып, халықаралық жарыстарға қатысып жүрген Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева да Ресейден ауысып келген.