"Барыс" сырт алаңда "Северстальды" ұтты

О Сансызбай Корреспондент
"Барыс" сырт алаңда "Северстальды" ұтты
Фото ©️ Барыс (вконтакте)

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Астананың "Барысы" Череповецкіде "Северстальды" ұтты. Ойындағы жеңімпаз овертаймда анықталды.

БӨЛІСУ

Қос команда негізгі уақытта 3:3 есебімен тең тарқасты. Бірінші болып 6 минутта Найджел Доус "Барысты" алға шығарды. Алайда мұз айдын иелері бірінші кезең аяқталғанша таразы басын теңестіріп үлгерді. Ал екінші кезеңде екі шайба басымдығымен алға шығып үлгерді. Десе де үшінші кезеңде Роман Старченко мен Мартин Сен-Пьер есепті теңестіре білді. Овертаймда Брэндон Боченский "Барысқа" жеңіс сыйлаған шайбаны соқты.

«Северсталь» — «Барыс» 3:4 ОТ (1:1, 2:1, 0:1, 0:1)

Шайбалар:
0:1 — 06:11 Доус (Боченски). Тең құрамда
1:1 — 11:07 Трунёв (Стасенко, Уилсон). Тең құрамда
2:1 — 20:52 Трунёв (Трубачёв, Стасенко). Тең құрамда
3:1 — 35:06 Трубачёв (Трунёв). Ойыншы басымдығында
3:2 — 39:01 Старченко (Даллмэн, Рымарев). Ойыншы басымдығында
3:3 — 52:17 Сен-Пьер (Доус). Тең құрамда
3:4 — 63:55 Боченски (Доус, Даллмэн). Ойыншы басымдығында

«Северсталь»: Смирягин — Евсеенков-Мазур, Кагарлицкий-Чернов-Полак; Уилсон-Стасенко, Трубачёв-Вовченко-Трунёв; Кудако-Ежов, Авцин-Монс-Магогин; Хохлов, Кодола-Казаковцев-Карлин, Воробьёв;

«Барыс»: Карлссон — Даллмэн-Семёнов, Боченски-Доус-Сен-Пьер; Баркер-Трясунов, Кучин-Старченко-Рымарев; Липин-Шалапов, Тривино-Маркелов-Панюков; Савченко, Гренц-Худяков-Иванов, Бельгибаев.

Айып уақыты: 6:12 (0:0, 2:8, 2:4, 2:0)

Бас төреші: Андрис Ансонс, Даниэль Конц

"Северстальды" жеңген "Барыс" Шығыс конференцияда сегізінші орынға көтерілді. Келесі ойынын 19 қараша күні Мәскеуде "ЦСКА" клубына қарсы өткізеді.