"Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" ойыншыларына жеке ұшақ жалдады

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
"Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" ойыншыларына жеке ұшақ жалдады
Фото ©️ Betonmobile.ru

Ағылшындық "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" футбол клубтарының басшылары Бразилия мен Аргентинадағы ойыншыларын тез арада құрамдарына алдыру үшін жеке ұшақ жалдаған. Оңтүстік Америкадағы футболшылар бұл уақытта ұлттық құрамаларының сапында өнер көрсетуге кеткен. Алайда прeмьер лиганың сенбі күні өтетін ойындарына байланысты тез арада құрамға қосылуына жағдай жасаған екен. Бұл ісімен команда басшылығы ойыншылардың ауадай қажет екендігін тағы да дәлелдеп берді. 

БӨЛІСУ

Филиппе Коутиньо, Роберто Фирмино, Фернандиньо, Серхио Агуэро, Николасе Отаменди және Пабло Сабалетені Aнглияға жеткізетін ұшақты жалдауға 120 мың фунд жұмсаған екен. 

Бір қызығы, лондондық "Челси" клубының ойыншысы Виллиан әлі де болса Оңтүстік Америкада. Бұған себеп, клуб басшысы Роман Абрамович жексенбі күні өтетін ойын үшін футболшыны асықтырғысы келмегендігі көрініп тұр.

Айта кетейік, сенбі күні 12 тур ойындары кезінде "Манчестер Сити" командасы "Кристал Пэласқа" қонаққа барса, Саутгемптон" өз алаңында "Ливерпулді" қабылдайды.