«Барыс» Астанада «Слованды» сан соқтырды

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» Астанада «Слованды» сан соқтырды
Фото ©️ Барыс (вконтакте)

Астананың «Барыс» хоккей клубы құрлықтық хоккей лигасында төртінші ойын қатарынан жеңіске жетті.  Бүгін өткен ойында қазақстандық клуб Братиславаның «Слован» командасын 5:1 есебімен жеңді.

БӨЛІСУ

Ойындағы есепті 4 минутта Роман Старченко ашты. Араға 10 минут сала Найджел Доус есепті еселей түсті. Екінші кезең басында Патрик Лушняк есепті қысқартты. 36 минутта Иван Кучин «Барысты» екі шайба басымдығымен кезекті рет алға шығарды.

Үшінші кезең аяқталар тұста «Барыс» хоккейшілері қарсыластар қақпасына тағы екі шайба соқты. Роман Старченко дубль авторы атанса, Брэндон Боченски «Барыстың» ойындағы бесінші шайбасын соқты.

«Барыс» келесі ойынын да Астанада өткізеді. 13 қараша күні Екатеринбургтің «Автомобилист» клубына қарсы ойнайтын болады.