«Барыс» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті
Фото ©️ Барыс (vk.com)

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын Астананың «Барысы» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті. Елордалық ұжым бүгін «Барыс Аренада» Загребтің «Медвешчак» командасын 2:0 есебімен жеңді.

БӨЛІСУ

Ойындағы бірінші шайба 21 минутта соғылды. Роман Старченко мен Евгений Рымаревтің сәтті шабуылдарының нәтижесінде Роман Савченко «Барысты» алға шығарды. Ал екінші шайба ойын соңында соғылды. Оны елордалық клубтың канадалық шабуылшысы Мартин Сен-Пьер соқты.

«Барыс» бұл маусымда алғаш рет үш ойын қатарынан жеңіске жетіп отыр. Келесі ойынын 10 қараша күні Астанада Братиславаның «Слован» командасына қарсы өткізеді. Тікелей «KazSport» арнасы көрсететін болады.