«Барыс» «Торпедодан» овертаймда ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» «Торпедодан» овертаймда ұтылды
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Астананың «Барысы» сырт алаңда «Торпедоға» есе жіберді. Қазақстандық клуб қарсыластарымен негізгі уақытта тең түскенмен, овертаймда есе жіберіп алды.

БӨЛІСУ

Нижний Новгородтағы ойында 3:2 есебі тіркелді. 16 минутта Джон Норман мұз айдын иелерін алға шығарды. 42 минутта «Барыс» сапынан Найджел Доус таразы басын теңестірді.

Үшінші кезеңде командалар бір-бір шайбадан алмасты. «Торпедо» сапынан Никита Ураков, қазақстандық клубтан Кори Тривино шайба авторлары атанды. Ал қосымша уақытта жеңімпаз жылдам анықталды. Даугавиньш Каспарс мұз айдын иелеріне жеңіс сыйлаған шайбаны соқты.

Қазақстандық клуб осы маусымда овертаймда алтыншы рет жеңіліс тауып отыр. Еншілерінде 14 ұпай бар. Келесі кездесуін 3 қазан күні Астанада «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.